Қазақстанда жеңіл атлетика саласының ардагері, танымал бапкер Борис Дягилев өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.
Борис Дягилев 1946 жылғы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Жеңіл атлетикадан КСРО спорт шеберіне кандидат болған.
1967-1969 жылдары Қазақ КСР құрамасының мүшесі болып, 1967 жылы КСРО халықтары спартакиадасына қатысқан. Спорт саласындағы еңбегі үшін Олимпиада сертификатымен, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының "Еңбегі үшін" медалімен және дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін құрмет белгісімен марапатталған.
Ол өмірінің басым бөлігін жеңіл атлетиканы дамытуға, спортшыларды даярлауға және жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге арнады. Жаттықтырушы ретінде 12 спорт шеберін, 22 спорт шеберлігіне үміткерді және бірінші разрядты 63 спортшыны тәрбиелеп шығарды.
Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы дүниеден өтті