Ыстықкөлдегі "Қазақстан" пансионаты бес жұлдызды санатқа ие болды

Ыстықкөлдегі "Қазақстан" шипажайы 5 жұлдыз иеленді. Фото: 24.kg сайтынан алынды
Ыстықкөлдегі "Қазақстан" шипажайы 5 жұлдыз иеленді. Фото: 24.kg сайтынан алынды

Ыстықкөл жағалауындағы жаңартылған "Қазақстан" пансионатына ресми түрде бес жұлдыз дәрежесі берілді. Тиісті сертификаттар туристік нысандарды мемлекеттік жіктеу жүйесі аясында салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы 24.kg сайты жазды. 

Жаңа жіктеу жүйесі қалай жұмыс істейді?

Қырғызстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Эдуард Кубатовтың айтуынша, жаңа бағалау жүйесі демалыс орындарының түріне қарай бірнеше бағытқа бөлінеді:

  1. Қонақүйлер мен пансионаттар: 1-ден 5 жұлдызға дейінгі халықаралық стандарт бойынша бағаланады.
  2. Таулы және ауылдық қонақүйлер: 1-ден 3 санатқа дейінгі "Эдельвейс" ұлттық жүйесі қолданылады.
  3. Киіз үй және шатырлы лагерьлер: 1-ден 3 "түндікке" дейінгі "Түндік" ұлттық жіктеуі енгізілген.

"Бұл белгілер туристерге қызмет көрсету деңгейі мен тұру жағдайын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Қонақүйлердің жұлдызы халықаралық талаптарға сай анықталса, "Эдельвейс" пен "Түндік" – өзіміздің ұлттық бағалау жүйеміз", – деп түсіндірді Эдуард Кубатов.


Оқи отырыңыз: Әрбір шаршы шақырымға − небәрі 8 адамнан келеді. Қазақстанның демографиялық портреті


Айта кетейік, нысандарды санаттау ерікті түрде жүргізіледі. Берілген куәлік үш жыл бойы жарамды, ал сертификат алған демалыс орындары арнайы мемлекеттік тізілімге енгізіледі.

Басты талап – экология мен инфрақұрылым

Санат беру мәселесімен Туризмді дамыту қорының арнайы сарапшылар тобы айналысады. Мамандар нысандарға барып, қызмет сапасынан бөлек, жылыту, жарықтандыру, тамақтандыру және тазарту құрылғыларының болуын жіті тексереді.

Әсіресе экологиялық шешімдерге айырықша басымдық беріледі. Мәселен, су көздеріне түсетін жүктемені азайту үшін кәріз-тазарту жүйелері тазартылған суды техникалық қажеттіліктер мен аумақты суаруға қайта пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.

Биыл іске қосылған бұл жүйе бойынша қазіргі таңда 200-ге жуық нысаннан өтінім түскен. 

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген бұл жүйе үшін арнайы бағдарламалық жасақтама да дайындалған. Алдағы уақытта барлық туристік нысандардың санаттары туралы мәліметтер туристерге ыңғайлы болу үшін цифрлық форматта қолжетімді болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз