Өзбекстан бір әріпке бола елтаңбасын өзгертуді жоспарлап отыр

Өзбекстанның қазіргі елтаңбасы. Фото gov.uz
Өзбекстанның қазіргі елтаңбасы. Фото gov.uz
Жаңа әліпбиге сәйкес, "O‘zbekiston" деген ел атауы енді "Özbekiston" болып жазылады.

Өзбекстанда латын графикасына негізделген әліпбиді жаңартуға байланысты мемлекеттік елтаңба мен мемлекеттік наградалардағы жазуларды өзгерту жоспарланып отыр. Тиісті құжаттарды 2027 жылдың сәуіріне дейін әзірлеп, маусым айына дейін үкіметке енгізу көзделген.

Өзбекстанда мемлекеттік елтаңба мен мемлекеттік наградалардағы жазуларды жаңартылған әліпбиге сәйкестендіру ұсынылды. Бұл туралы Podrobno.uz басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, тиісті шаралар Өзбекстанның латын графикасына негізделген әліпбиін қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу жөніндегі үкімет қаулысының жобасында қарастырылған.

Жобаға сәйкес, мемлекеттік органдар қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды 2027 жылдың сәуіріне дейін әзірлеуі керек. Ал маусым айына дейін оларды келісіп, Министрлер кабинетінің қарауына енгізу жоспарланған.

Әліпбидегі өзгерістерге байланысты төрт әріп тіркесі жеке таңбалармен алмастырылады:

  • O‘ o‘ – Ö ö;
  • G‘ g‘ – Ğ ğ;
  • Sh sh – Ş ş;
  • Ch ch – Ç ç.

Осыған байланысты мемлекеттік елтаңбадағы "O‘zbekiston" деген жазу "Özbekiston" болып өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік ордендер мен медальдардағы жазулар да жаңа әліпбиге сәйкестендіріледі. Әзірге құжатта елтаңба мен наградалардағы жазулардың нақты қандай үлгіде болатыны көрсетілмеген. Қазіргі кезеңде олардың сыртқы дизайнын өзгерту емес, қолданыстағы жазуларды жаңа әліпбиге сәйкестендіретін құқықтық түзетулер әзірлеу көзделіп отыр.

Айта кетейік, Өзбекстанның латын графикасына негізделген әліпбиіне өзгеріс енгізу туралы заң 2026 жылғы 21 қазанда қабылданды. Жаңа нұсқада 28 әріп пен бір апостроф белгісі болады.

Елдің мемлекеттік елтаңбасындағы жазу бұған дейін де өзгерген. 2010 жылғы желтоқсанда елтаңбадағы кириллицамен жазылған "Ўзбекистон" атауы латын графикасындағы "O‘zbekiston" нұсқасына ауыстырылған еді. Бұл ұсыныс мақұлданса, тәуелсіздік алғаннан бері елтаңбадағы мемлекет атауы екінші рет жаңартылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау