Ауа райы
Бүгін +10…+16°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +16°C
Тікелей эфир
+16°C

Ала бұлтты

Сезіледі +16° Жел 5 км/сағ
Бүгін
+10…+16°
Ала бұлтты
Ертең
+3…+10°
Қатты жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 12:17

Қытай Қазақстан азаматтарына 46 білім грантын бөлді. Қандай құжаттар қажет

Қытайда білім алу. Фото: depositphotos.com
Қытайда білім алу. Фото: depositphotos.com
Құжаттар 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін қабылданады.

Қытай Халық Республикасы 2027-2028 оқу жылында Қазақстан азаматтарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 46 білім грантын бөлді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 27 қарашадан бастап қабылданады. Бакалавриатқа түсуге ниетті талапкерлер қосымша CSCA академиялық дайындық тестін тапсыруы қажет.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мәліметінше, гранттар Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында бөлініп отыр.

Грант қандай шығындарды өтейді?

Қытай үкіметінің мемлекеттік стипендиясы аясында студенттерге:

  • оқу ақысы толық төленеді;
  • ай сайынғы стипендия беріледі;
  • медициналық сақтандыру қарастырылады;
  • жатақханада тұру шығындары өтеледі.

Ал жол ақысы және грантта қарастырылмаған өзге де шығындарды студент өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжатты қашан және қайда тапсыру керек?

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер алдымен Қытай стипендиялық кеңесінің (CSC) ресми сайтында онлайн тіркелуі керек.

Құжаттар 2026 жылғы 27 қараша мен 2027 жылғы 15 қаңтар аралығында қабылданады. Өтінімді екі жолмен беруге болады:

  • eGov порталында онлайн;
  • "Халықаралық бағдарламалар орталығына" қағаз түрінде тапсыру.

Қытай тілінде білім алуды жоспарлаған үміткерлерден жарамды HSK сертификаты талап етіледі. Ал бакалавриат бағдарламасына түсетін барлық шетелдік талапкер, соның ішінде Қазақстан азаматтары да, CSCA академиялық дайындық тестін тапсыруы міндетті.

Жақын арадағы емтихан сессиясы 2026 жылғы 19-20 желтоқсанда өтеді. Оған тіркелу 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Тіркеу мерзімі Бейжің уақытымен белгіленген. Талапкерлер тапсыратын пәндер тізімін өздері таңдаған университеттен нақтылауы қажет. Емтиханға тіркелу әр сессия үшін жеке жүргізіледі. Толық ақпаратты CSCA ресми сайтынан алуға болады.

Үміткерлерді қалай іріктейді?

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен тәуелсіз сараптамалық комиссия үміткерлермен онлайн сұхбат өткізеді. Одан кейін олардың құжаттары қаралып, қорытынды комиссия шешім шығарады.

Іріктеу кезінде үш негізгі көрсеткіш ескеріледі:

  • шет тілін меңгеру деңгейі;
  • білім туралы құжаттағы орташа балл;
  • тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі Қытай тарапына жіберіледі. Алайда талапкерді оқуға қабылдау туралы соңғы шешімді Қытайдың жоғары оқу орындары қабылдайды.

Айта кетейік, грант иегерлері шетелде оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралып, елде кемінде бір жыл үздіксіз еңбек етуге міндетті.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ талапкерлерге құжаттарды делдалсыз, ресми уәкілетті органдар арқылы өз бетінше тапсыруға кеңес береді. Сондай-ақ конкурсқа қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру қажет. Құжаттардан жалған немесе дәйексіз мәлімет анықталса, үміткер конкурстан шеттетіліп, сол жылы қайта қатысу құқығынан айырылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз