Академик Оразақ Смағұлұлының жаназа намазы Алматының Орталық мешітінде оқылады

Алматы орталық мешіті. Фото: ЖИ жасап берді
Алматы орталық мешіті. Фото: ЖИ жасап берді
Ғалым ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі антропологиялық деректерді зерттеп, ұлттың биологиялық сабақтастығын әлемдік деңгейде мойындатты.

Көрнекті ғалым, отандық антропология мектебінің негізін қалаушы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлұлының жаназа намазы 2026 жылғы 25 қарашада сағат 10:00-де Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16 мекенжайында орналасқан Орталық мешітте өтеді. Бұл туралы марқұмның отбасы хабарлады.

Оразақ Смағұлұлы – отандық ғылымда тұңғыш рет популяциялық антропология бағытын қалыптастырып, Ұлттық музей жанынан арнайы ғылыми зертхана ашқан бірегей тұлға. Ол ежелгі қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі палеоантропологиялық деректер мен қан топтарын кешенді түрде салыстыра зерттеп, ұлттың шығу тегі мен биологиялық сабақтастығын әлемдік деңгейде мойындатты.

Сондай-ақ ғалым Моңғолия, Ресей және Өзбекстан аумағында тұратын этникалық қазақтардың генетикалық ерекшеліктерін де терең зерделеді.


Оқи отырыңыз: Танымал қырғыз стендапері Элдос Алмазов қайтыс болды


Еңбек жолын Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында бастаған академик жетпіс жылға жуық уақытын ғылымға сарп етті. Іргелі зерттеулері үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атанып, "Парасат", "Құрмет" және "Барыс" ордендерімен марапатталды. Оның жетекшілігімен ондаған жас ғалым кандидаттық және докторлық диссертация қорғап, бүгінде қазақ антропологиясының көшін жалғастырып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау