Ауа райы
Бүгін +10…+14°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +14°C
Тікелей эфир
+14°C

Ала бұлтты

Сезіледі +14° Жел 3,2 км/сағ
Бүгін
+10…+14°
Ала бұлтты
Ертең
+3…+10°
Қатты жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 14:20

2-4 сыныптарда аралық бағалау басталды. Оқушылар диктант жаза ма

Оқушы. Фото: depositphotos.com
Оқушы. Фото: depositphotos.com
Бағалау қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, шетел тілі және математика пәндерін қамтиды.

2026 жылғы 25 қараша мен 8 желтоқсан аралығында 2-4 сынып оқушыларына екінші тоқсан бойынша аралық бағалау өткізу ұсынылды. Бағалау қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, шетел тілі және математика пәндерін қамтиды. Оқушылардың білім деңгейі анықталып, меңгерілмеген тақырыптар бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі.

Аралық бағалау мерзімі ұсынымдық сипатта. Мектептер оны өздерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес өзгерте алады.

Қандай пәндерден бағалау өткізіледі?

Екінші тоқсандағы аралық бағалау екі кезеңнен тұрады:

  • Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі және шетел тілі пәндерінен – бірінші аралық бағалау;
  • Математика пәнінен – екінші аралық бағалау.

Оқушылардың жинай алатын ең жоғары балы сыныбына қарай белгіленген:

  • 2-сынып – 12 балл;
  • 3-сынып – 14 балл;
  • 4-сынып – 16 балл.

Оқушылардың білімі қалай бағаланады?

Тілдік пәндер бойынша тапсырмалар тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қамтиды. Тыңдалым мен айтылымды бағалау аралық бағалау жоспарланған аптада сабақ үстінде жүргізіледі. Тапсырмалар оқу бағдарламасында өткен тақырыптар мен меңгерілген оқу мақсаттарына сәйкес құрастырылуы керек.

Әдістемелік ұсынымға сәйкес, 2-сыныпта екінші тоқсандағы әдебиеттік оқу пәнінен екі аралық бағалауды да мазмұндама түрінде өткізу ұсынылады. Сондай-ақ 2-4 сыныптарда диктантқа бөлінген 7 балл және оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмалардың жалпы балы өзгермейді. Ал тапсырмалардың бағалау критерийлері мен дескрипторларын, әрқайсысына берілетін балл санын педагог өзі белгілейді.

Аралық бағалаудың мақсаты – оқушылардың білімін тексерумен шектелмей, олардың оқу барысында жіберген олқылықтарын анықтау және сол бойынша қосымша жұмыс ұйымдастыру.

Ұсынылған мерзімдер міндетті емес. Бағалауды өткізу уақыты мектептің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына қарай өзгеруі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз