Алматы облысының прокуратурасы бұрынғы Жамбыл облысы әкімін жазасын өтеуден босату туралы сот қаулысына наразылық білдірді.
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевтың денсаулығына байланысты түрмеден босатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алматы облыстық прокуратурасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Алматы облысы Алатау қалалық сотының 2026 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің 75-бабына сәйкес, ауыр науқастануына байланысты сотталған Кәрім Көкірекбаевты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы №57 мекеме әкімшілігінің ұсынысы қанағаттандырылған. Алайда бұл қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат жолдаған.
Еске салайық, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсанында аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 396 миллион теңге көлемінде пара алған. 2024 жылғы маусымда алқабилер соты экс-әкімді ақтағанымен, кейін ақтау үкімі күшін жойып, іс қайта қаралды.
2025 жылдың шілдесінде сот Кәрім Көкірекбаевты кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды.