Ауа райы
Бүгін +10…+16°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +12°C
Тікелей эфир
+12°C

Ала бұлтты

Сезіледі +12° Жел 5,4 км/сағ
Бүгін
+10…+16°
Ала бұлтты
Ертең
+3…+10°
Аздаған жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 06:16

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды. Полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қаза болғандар арасында кәмелетке толмаған бала бар.

Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бес адам көз жұмды. Қаза тапқандардың бірі – кәмелетке толмаған бала, деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

112 пультіне өрт туралы хабарлама түнгі сағат 3:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар келген кезде үйді жалын шарпып, өрт ашық түрде қарқынды жанып жатқан.

Өрт сағат 4:42-де толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖД-ның 35-ке жуық қызметкері мен тоғыз техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында бес адамның денесі табылды. Олардың арасында кәмелетке толмаған бала бар.

Өртке байланысты Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады. 

"Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталуда", – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз