Педагогтер жалақы мен еңбек дауына қатысты қайда жүгіне алады

Мұғалім, оқушылар. Фото: Informburo.kz
Мұғалім, оқушылар. Фото: Informburo.kz
Қазақстанда мұғалімдердің құпия шағымын қабылдайтын орталық ашылды.

Қазақстанда педагогтерге жедел қолдау көрсететін байланыс орталығы жұмысын бастады. Ол "Ұстаз" платформасының жанынан 1472 нөмірі бойынша іске қосылды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, педагогтердің күнделікті жұмысында жедел шешуді қажет ететін мәселелер аз емес. Олардың қатарында еңбек қатынастары мен жағдайы, жалақы мен қосымша төлемдердің есептелуі, әдістемелік қолдау, мектеп басшылығы немесе ата-аналармен туындайтын келіспеушіліктер бар.

"Кейде педагогтер өтінішіне жауап алу үшін айлап күтуге, қайта-қайта сұрау салуға немесе түрлі мекемелерге жүгінуге мәжбүр болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ведомство басшысы министрлік осы тәртіпті өзгертуді мақсат етіп отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, өтініштер педагогтердің құқықтары мен құпиялылық талаптарын сақтай отырып қабылданады.

Жұлдыз Сүлейменованың мәліметінше, байланыс орталығы осы және келесі аптада сынақ режимінде жұмыс істейді. Бұл кезеңде өтініштерді қабылдау және қарау тәртібі тексеріліп, анықталған техникалық ақаулар жедел түзетіледі.

Орталыққа түскен өтініштер күрделілігіне қарай үш деңгейде қаралады:

  • Қарапайым сұрақтарға 15 минут ішінде жауап беріледі.
  • Күрделі мәселелер бір жұмыс күні ішінде қаралады.
  • Басқа мемлекеттік органдардың көмегін қажет ететін өтініштерді шешуге бір айға дейін уақыт беріледі
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау