GTA авторынан жаңа ойын: бас кейіпкері – Меккедегі қажылық орындарының тазалықшысы

Мекке туралы ерекше ойын. Фото: ЖИ жасап берді
Мекке туралы ерекше ойын. Фото: ЖИ жасап берді
Ойынның тегін демо-нұсқасы 2026 жылдың 4 қыркүйегінде Steam платформасында жарияланды.

Rockstar Games студиясының бұрынғы әзірлеушісі Мекке, Мина, Арафат және Муздалифада өтетін The Last Pillar: Hajj атты ерекше симулятор-ойын әзірлеуде. Қазіргі таңда Steam платформасында ойынның тегін демо-нұсқасы қолжетімді. Бұл туралы theislamicinformation.com сайты жазды. 

Жоба авторы қасиетті қажылық рәсімдерін ойын тапсырмаларына айналдырудан бас тартқан. Оның орнына ойыншылар қажылық орындарының тазалығына жауапты қызметкердің рөлін сомдайды.

Жоба идеясы қалай туды?

Әзірлеушінің сұхбатында айтылғандай, бұл ойынды жасауға оның өз қажылық сапары шабыт берген. Ол заманауи видео ойын технологиялары арқылы Меккеге баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға қажылықтың ауқымы мен рухани маңызын жеткізуді көздеген.

Ойын құлшылық түрлерін емес, миллиондаған қажыға жағдай жасап, қасиетті орындарды таза ұстайтын қарапайым жұмысшылардың күнделікті еңбегін көрсетеді.

Ойын барысындағы негізгі міндеттер:

  • мәрмәр едендерді сыпыру, жуу және қоғамдық аумақтарды тазарту;
  • жоғалған заттарды жинау және Зәмзәм суы құйылатын бекеттерді толтыру;
  • кейіпкердің демалысын, су ішу режимін бақылау және аптап ыстықтан қорғану.

Жоба атыс-шабыс пен жарысқа емес, ортаны зерттеуге, тыныш симуляцияға және терең оқиға желісіне негізделген.


Оқи отырыңыз: Тойда келінді төрге отырғызу дұрыс па? Қоғам қайраткері қазақ тойын "реформалауды" ұсынды


Ойында қажылыққа тікелей қатысты негізгі мекендер барынша шынайы қайта жасалған:

  • Әл-Харам мешіті: Қағба маңайы мен мәрмәр алаңдар;
  • Мина: Қажылар тұрақтайтын алып шатырлы қалашық;
  • Арафат: Қажылар Арафа күні жиналатын жазық;
  • Муздалифа: Қажылар түнейтін қасиетті мекен;
  • Сафа және Маруа: Сағи рәсімі орындалатын бағыт.

Болашақ жаңартуларда ойынға Мәдина қаласы мен басқа да тарихи маңызды ислам орындарын қосу жоспарланып отыр.

Тазалықтан бөлек терең оқиға

The Last Pillar: Hajj тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Ойынның сипаттамасына сәйкес, басты кейіпкер – бұрын табысты кәсіпкер болған, бірақ кейін әл-Харам мешітіне қарапайым тазалықшы болып келген адам.

Қажылық күндері ілгерілеген сайын оның жұмысы қайғы, естеліктер, иман және рухани тазару арқылы өтетін жеке өмірлік жолына айналады. Ойын миллиондаған адам келетін қасиетті жерде ешкімге танылмай, өзгелерге қызмет етудің шынайы мәнін ашуға бағытталған.


Оқи отырыңыз: Ясауи ілімі "Адал азамат" құндылықтарымен үндесіп жатыр – дінтанушы Досай Кенжетай


Жобаны Crescent Dial Games студиясы әзірлеп, басып шығаруда. Unreal Engine қозғалтқышы негізінде жасалған бұл бір ойыншыға арналған ойын әзірге тек ағылшын тілінде ұсынылған. Ойынның тегін демо-нұсқасы 2026 жылдың 4 қыркүйегінде Steam платформасында жарияланды. Автордың айтуынша, жобаның толық нұсқасы 2027 жылдың төртінші тоқсанында жарық көруі тиіс, алайда Steam дүкенінде нақты шығу күні әлі бекітілмеген.

Жоба авторы бұл ойынның қажылықтан шабыт алған көркем туынды екенін және оның діни парыздарды өтеуді еш алмастырмайтынын ерекше атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау