Сібір өзендерін Қазақстан мен Өзбекстанға бұру жобасы қайта қарала ма

Сібір өзендері. Фото: depositphotos.com
Сібір өзендері. Фото: depositphotos.com
Бұл идея Кеңес Одағы кезінде қаралып, экономикалық себептерге байланысты тоқтатылған.

Өзбекстан билігі Ресейдің Сібір өзендерінің бір бөлігін Орталық Азияға бұру жобасына қатысты пікір білдірді. Елдің су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевтың айтуынша, Қазақстанда да бұл бастамаға қатысты "Неге суды тек Өзбекстанға береді, бізге неге бермейді?" деген сұрақ қойылған.

Министрдің сөзінше, Сібір өзендерінің суын Орталық Азияға жеткізу идеясы Кеңес Одағы кезінде де қарастырылған. Алайда 1986 жылы экономикалық және экологиялық себептерге байланысты жоба тоқтатылған.

2025 жылы Ресей Ғылым академиясының ғалымдары бұл бастаманы қайта зерттеуді ұсынған. Жаңа тұжырымдама бойынша суды ашық каналдармен емес, ұзындығы шамамен 2100 шақырым болатын құбырлар арқылы жеткізу көзделген. Алғашқы кезеңде жылына 5,5 млрд текше метр су тасымалдау жоспарланған. Жобаның бастапқы құны 100 млрд доллардан басталуы мүмкін.

Шавкат Хамраев Өзбекстан үшін әзірге суды сырттан тасымалдағаннан гөрі, ел ішіндегі су шығынын азайту тиімді екенін айтты. Оның дерегінше, су үнемдеу технологиялары мен ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ел 11 млрд текше метрге жуық су үнемдеген. Бұл шараларға шамамен 5 млрд доллар жұмсалған.

Сонымен қатар министр болашақта Сібір өзендерінің суын бұру жобасын қайта қарастыру мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның айтуынша, 2050 жылдарға қарай климат өзгеріп, трансшекаралық өзендердегі су көлемі азайса, Өзбекстан қосымша су көздерін іздеуге мәжбүр болуы мүмкін.

Хамраевтың пікірінше, мұндай жоба жүзеге асса, оның пайдасын Өзбекстанмен қатар Қазақстан мен Ресей де көруі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау