23-25 қараша күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Алматыда аптаның ортасына қарай жауын-шашын болып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ал Шымкентте 24 қарашада жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астана
23 қарашада елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде, негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын түсіп, күндіз де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5 градус, күндіз +6+8 градус болады.
24 қарашада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Түнде ауа температурасы 0+2 градус, күндіз +2+4 градус.
25 қарашада түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, күндіз +3+5 градус болады.
Алматы
23 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +6+8 градус, күндіз +16+18 градус.
24 қарашада кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +17+19 градусқа дейін көтеріледі.
25 қарашада түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Тұман болып, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +7+9 градус, күндіз +15+17 градус.
Шымкент
23 қарашада Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +11+13 градус, күндіз +22+24 градус болады.
24 қарашада кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +9+11 градус, күндіз +15+17 градусқа дейін төмендейді.
25 қарашада жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +6+8 градус, күндіз +18+20 градусқа дейін көтеріледі.