Қазақстанда 200 келі есірткі тәркіленіп, 35 адам ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Ұсталғандардың арасында егде жастағы азамат пен 21 жастағы жігіт бар.

Кейінгі 10 күн ішінде Қазақстанда есірткі қылмысына қатысы бар 35 адам ұсталып, заңсыз айналымнан 200 келі есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Полиция мәліметінше, Алматыда тұратын егде жастағы азаматтың көлігі мен пәтерінен 220 грамм есірткі табылған. Ал Шымкентте ұсталған күдіктінің жасы небәрі 21-де болған. Оның жанынан жарты келіге жуық есірткі тәркіленген. Сондай-ақ Алматыдан Павлодарға есірткі жеткізіп, сатпақ болған 32 жастағы әйел ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ол әлеуметтік желі арқылы курьер болып жұмыс істеуге келіскен.

"Оны жеке тінту кезінде бір жарым килограмға жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді", – деп хабарлады полиция.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғандардың арасында:

  • 19 адам есірткі сату фактілері бойынша;
  • 3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін;
  • 8 адам контрабандаға қатысы бар деген күдікпен;
  • 3 адам улы заттардың заңсыз айналымы бойынша;
  • 1 адам есірткі өсіргені үшін;
  • 1 адам есірткіні насихаттап, жарнамалағаны үшін ұсталған.

Жалпы, он күн ішінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 200 келі есірткі тәркіленді.

Айта кетейік, халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Венгрияның Будапешт қаласында өткен Total Chess Pilot-2026 турнирінде бірқатар шахматшының жоспарланған партияларға қатысудан бас тартуына алаңдаушылық білдірді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау