Елордада тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматыда үш күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Шымкентте аптаның ортасына қарай күн +25 градусқа дейін жылынады. «Қазгидромет» 24–26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астана
24 қарашада елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1 мен +1 градус аралығында, күндіз +2...+4 градус болады.
25 қарашада түнде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Түнде ауа температурасы 0...-2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
26 қарашада күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0...-2 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
Алматы
24 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +7...+9 градус, күндіз +17...+19 градус болады.
25 қарашада түнде жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градусқа дейін көтеріледі.
26 қарашада күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +7...+9 градус, күндіз +17...+19 градус болады.
Шымкент
24 қарашада Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, түнде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +9...+11 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
25 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +8...+10 градус, күндіз +18...+20 градусқа дейін көтеріледі.
26 қарашада күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +11...+13 градус, күндіз +23...+25 градус болады.