Доллар биржада 3 теңгеден астам қымбаттады

Доллар бағамы. Фото: Depositphotos.com
Доллар бағамы. Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда доллар бағамы өсті.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,19 теңгеге өсіп, 458,28 теңге болды. Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы жарияланды.

Ұлттық банктің ресми бағамы 455,12 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 454,94 теңгеден сатып алынып, 461,94 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 496,92 теңге, сату бағамы – 506,92 теңге. Ал рубль 5,30 теңгеден сатып алынып, 5,50 теңгеден сатылуда.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,32 теңгеден сатып алынып, 460,32 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 499,70–504,57 теңге аралығында болса, рубль 5,27–5,38 теңгеден саудаланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау