Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы" туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.
Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.
Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.
Сараптама тобының құрамы:
Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, жетекші;
Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары;
Әсет Ерғалиев – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары;
Жандос Шаймарданов – "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің директоры, хатшы.
Динара Зәкиева – Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;
Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
Дархан Ахмедиев Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы;
Қарлығаш Жаманқұлова Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты;
Бөріхан Нұрмұхамедов Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
Айдос Сарым Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
Марат Шибутов Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
Рауан Кенжеханұлы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті
Бағдат Мусин Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Евгений Мухамеджанов Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы
Найла Мұхтарова Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
Айгүл Сәдуақасова Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
Жұлдызай Ысқақова Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Ғазиз Әбішев «Metropolitan information group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;