Желтоқсан айындағы мерекелер мен жаңа жыл қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты Қазақстанда үш қосымша пойыз іске қосылады. Олар Алматы – Астана, Астана – Шымкент және Ақтөбе – Астана бағыттары бойынша қатынайды.
Қосымша пойыздар жолаушылар көп қатынайтын бағыттардағы тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Пойыздардың жүру кестесі төмендегідей:
№201/202 "Алматы-2 – Астана-1":
- Алматы-2 станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
- Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.
№204/203 "Нұрлы жол – Шымкент":
- Нұрлы жол станциясынан: 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
- Шымкент станциясынан: 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.
№205/206 "Ақтөбе – Астана-1":
- Ақтөбе станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара;
- Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара.
Қосымша пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады.
Билеттерді ҚТЖ-ның ресми сайтынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.
Жүк пойызының машинисі теміржол маңында жалғыз жүрген 4 жастағы баланы құтқарып қалды