Ауа райы
Бүгін +5…+6°
Ертең +6…+16°
Ауа райы Алматы +6°C
Тікелей эфир
+6°C

Ашық

Сезіледі +5° Жел 7,2 км/сағ
Бүгін
+5…+6°
Ала бұлтты
Ертең
+6…+16°
Ала бұлтты

Болжам уақыты 25.11, 16:20

Жеңілдікпен алынған тауарды қайтаруға бола ма? Заңгер жауап берді

Киімдер. Фото: ЖИ жасап берді
Киімдер. Фото: ЖИ жасап берді
Сатушы "жеңілдікпен алынған тауар қайтарылмайды" деп ақша беруден бас тартса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жеңілдік науқанында сатып алынған тауар ұнамаса, оны қайтаруға болады. Өйткені сатылым кезінде баға төмендегенімен, тұтынушының құқығы өзгермейді. Көпшілік "жеңілдікпен алған затты кері өткізуге болмайды" деп саудадан ұтылып жатады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Мамандардың айтуынша, тіпті жеңілдікпен алған тауар сатып алушыға өлшемі, түсі немесе пішіні жағынан сәйкес келмесе, ол оны 14 күн ішінде айырбастауға құқылы. Бұл үшін зат пайдаланылмаған, бастапқы қалпы мен жапсырмалары сақталған болуы керек. Ал айырбастайтын басқа тауар болмаса, ақшасын қайтаруды талап ете алады. Оған заңмен тыйым салынбаған.

"Мұнда бір ерекшелік бар. 14 күндік мерзім тауарды сатып алған күннен емес, оны қолына алған сәттен бастап есептеледі. Мысалы, сіз Алматыдан тауарға тапсырыс беріп, оны Астанада алсаңыз, жеткізуге кеткен уақыт бұл мерзімге кірмейді. Егер тауар көңіліңізден шықпаса, пайдаланылмаған және тұтынушылық қасиеттері сақталған жағдайда, оны кері қайтаруға құқығыңыз бар", – дейді Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашов.


Оқи отырыңыз: Әлемде жоғары білімді әйелдердің үлесі ерлерден асып түсті


Сатушы "жеңілдікпен алынған тауар қайтарылмайды" деп ақша беруден бас тартса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда алдымен дүкенге жазбаша шағым түсіру қажет. Сатушы оған 10 күнтізбелік күн ішінде жауап беруге міндетті. Егер мәселе шешілмесе, сотқа жүгінуге құқылысыз.

"Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 14-бабына сәйкес, тұтынушы сапалы азық-түлікке жатпайтын тауарды 14 күн ішінде айырбастауға құқылы. Егер айырбастайтын балама тауар болмаса, ақшасын қайтаруды талап ете алады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-бабының 5-бөлігіне сәйкес, сатушы тұтынушының заңды талабын орындамаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп түсіндірді заңгер Ғалым Байғазыұлы.

Ал сатып алған зат сапасыз болып шықса, оны мерзіміне қарамастан кез келген уақытта қайтара аласыз. Бірақ дүкен тауарды белгілі бір ақауына байланысты арзандатып, сатып алушыға алдын ала ескерткен болса, онда кері өткізу құқығынан айырыласыз. Сондықтан мамандар түбіртек пен төлемді растайтын құжаттарды сақтауға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз