USDUSD: 498.5 / 501.5
  • EUREUR: 539.0 / 545.0
  • RUBRUB: 5.69 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +3C
Все города

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында биік ғимарат салуға тыйым салынды. Жаңа заң қабылданды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Заңда тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар ескерілген.

Сенат депутаттары Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады. 

Туризм саласын дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша бірқатар құзыреттер беріледі, оның ішінде:

  • туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде;
  • жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша; 
  • сыйымдылығы сегіз орыннан асатын көлік құралдарын сатып алу бойынша және т.б.

"Бұл түзетулер туристік инфрақұрылым мен қызметтерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді сенатор Бауыржан Қаниев.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді. Ол үшін әкімдіктің өкілеттілігі күшейтіледі.

Түркістан қаласының археология және инфрақұрылым ескерткіштерінің резерватына қатысты нормалар айқындалады. Ал қолөнершілердің қалтасынан шығатын шығындардың бір бөлігін бюджет есебінен өтеу жоспарланған. Осы мақсатта жыл сайын 88,5 миллион теңге бөлінеді.

Бүгін сенат депутаттары Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары