Астаналықтар енді жүргізуші куәлігінің теориясын онлайн тапсыра алады. Болашақта бұл жоба қазақстандықтардың бәріне ортақ болуы мүмкін. Енді астаналықтар жүргізуші куәлігінің теориялық тестілеуін онлайн тапсыра алады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" орталығының мәліметіне сүйенсек, астаналықтар енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ноутбук арқылы үйде тест тапсыра алады.
"Азаматтар теорияны тапсыру үшін eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "ХҚКО қызметтері" - "Онлайн тест тапсыру" бөлімінен өтуі керек. Жобаның бірінші сатысы әзірге ілкі жоба ретінде Астанада басталған. Яғни, Астанада тіркеуде тұрған азаматтардың бәрі теориялық бөлімді онлайн тапсыра алады", – деп хабарлайды орталық.