Ауа райы
Бүгін +5…+7°
Ертең +6…+16°
Ауа райы Алматы +7°C
Тікелей эфир
+7°C

Ашық

Сезіледі +6° Жел 7,6 км/сағ
Бүгін
+5…+7°
Ашық
Ертең
+6…+16°
Ала бұлтты

Болжам уақыты 25.11, 16:20

Шымкент халықты баспанамен қамтуда рекордтық көрсеткішке жетті

Биыл Шымкентте 9634 пәтер беру жоспарланған. Фото: depositphotos.com
Биыл Шымкентте 9634 пәтер беру жоспарланған. Фото: depositphotos.com
Биыл Шымкентте 9634 пәтер беру жоспарланған. Оның 4646-сы – жалдамалы, 4988-і – несиелік тұрғын үй. Бұл ел бойынша рекордтық көрсеткіш.

Қалада соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, баспана кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамту жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді. 

Жыл басынан бері 4144 отбасы жаңа баспаналы болды. Оның 2386-ы несиелік бағыттағы баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында 1035 көпбалалы отбасы, 120 жетім бала, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 647 азамат және бюджеттік мекемелердің 584 қызметкері бар. Ал жалдамалы тұрғын үймен 1758 отбасы қамтылды. Оның ішінде 78 көпбалалы отбасы, 317 жетім бала және әлеуметтік осал топтар санатындағы 1363 азамат бар.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімі биыл ақпан айынан бастап қала әкімінің қатысуымен апта сайын тұрақты өткізіліп келеді. Орта есеппен әр аптада 80–100 отбасы баспаналы болуда.

Жаңа тұрғын үйлер негізінен Бозарық, Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Құрылыс барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне, қолайлы өмір сүруіне және аулалардың сапалы абаттандырылуына басымдық берілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз