Ауа райы
Бүгін +10…+13°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +13°C
Тікелей эфир
+13°C

Ала бұлтты

Сезіледі +13° Жел 4,3 км/сағ
Бүгін
+10…+13°
Ала бұлтты
Ертең
+3…+10°
Қатты жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 16:19

Әнұран орындалғанда орыннан тұру Құдайға серік қосуға жата ма? Дін маманы жауап берді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда мемлекеттік әнұран орындалған кезде адамдар орнынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қояды.

Мемлекеттік әнұран орындалған кезде орнынан тұру ширкке, яғни Аллаға серік қосуға жатпайды. Бұл – мемлекетке, Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің қалыпты көрінісі. Kazislam.kz порталында аталған мәселеге қатысты сауалға жауап берген дін маманы осындай түсініктеме берді.

Портал оқырманы маманнан әнұран орындалған кезде орнынан тұрудың ислам дініне қайшы келмейтінін және мұндай әрекет ширк болып саналмайтынын сұраған.

Дін маманы Рүстем Сәдуовтың түсіндіруінше, исламда ширк дегеніміз – Алладан басқаға құлшылық ету, жаратылған нәрсеге құдайлық сипат беру немесе оған тәуелсіз құдірет иесі ретінде сену.

"Мемлекетке, қоғамдық тәртіпке немесе жалпыға ортақ әдеп нормаларына құрмет көрсету мақсатында орнынан тұру құлшылық болып саналмайды және өздігінен адамның бірқұдайшылық сеніміне қайшы келмейді", – деп жауап берген ол.

Маманның айтуынша, мұсылман елдерінде, соның ішінде Қазақстанда кең тараған діни дәстүрлерді ұстанатын дін ғалымдарының басым бөлігі әнұран орындалған кезде орнынан тұруды Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің рұқсат етілген түрі деп есептейді. Ол туған жерге деген сүйіспеншілік пен қоғамдық тәртіпті құрметтеу елді немесе мемлекеттік рәміздерді құдай дәрежесіне көтеруге ұласпаса, ислам сеніміне қайшы келмейтінін атап өтті.

"Әнұран орындалғанда орнынан тұрған адам мұны құлшылық ретінде емес, елге, халыққа және айналасындағыларға құрмет көрсету белгісі ретінде қабылдайды", – деді Рүстем Сәдуов.

Айта кетейік, мемлекеттік әнұран орындалған кезде орнынан тұру – көптеген елде қалыптасқан құрмет көрсету дәстүрі. Қазақстанда да мемлекеттік әнұран орындалған кезде адамдар орнынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қояды. Бұл талап мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібімен және оларды құрметтеу дәстүрімен байланысты. Қазақстанда әнұран мемлекеттік мерекелерде, ресми салтанатты жиындарда, спорттық жарыстар мен халықаралық іс-шараларда орындалады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз