Қостанайда 45 студент сабаққа қатыспаған. Колледж директоры қызметінен босатылды

Студенттер. Фото: Depositphotos.com
Студенттер. Фото: Depositphotos.com
Қостанай облысында колледждегі заңбұзушылықтар анықталып, директор жұмыстан босатылды.

Қарабалық ауданының прокуратурасы Қазақстан агротехникалық колледжінде тексеру жүргізіп, 45 студенттің оқу орнында тек құжат жүзінде тіркелгенін анықтады. Олар сабаққа мүлде қатыспаған, деп хабарлайды бас прокуратура. 

Прокуратура анықтағандай, 45 студенттің колледжде оқитыны құжаттарда көрсетілгенімен, олар оқу сабақтарына ешқашан қатыспаған. Соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

"Тексеру барысында тағы бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, колледжде бес жыл бойы көлік құралдары есептен шығарылмаған. Сонымен қатар 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайы да талаптарға сай емес екені белгілі болды", – делінген хабарламада. 

Тексеру қорытындысы бойынша сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылды. Жеті оқытушыға қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданылды, ал колледж директоры қызметінен босатылды.

"Негізгі құралдарды есептен шығару рәсімі басталып, жатақхананы жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Жауапты орган Қостанай облысында білім беру ұйымдарындағы заңдылықты қамтамасыз ету, студенттердің құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау