Ауа райы
Бүгін +10…+15°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +15°C
Тікелей эфир
+15°C

Ала бұлтты

Сезіледі +15° Жел 3,6 км/сағ
Бүгін
+10…+15°
Ала бұлтты
Ертең
+3…+10°
Қатты жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 14:21

Қазақстан бас тартуды ойлап жатқанда Өзбекстан 12 жылдық білім жүйесін мақұлдады

Сабақта отырған оқушылар. Фото: informburo.kz
Сабақта отырған оқушылар. Фото: informburo.kz
Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгеріс Өзбекстанның ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы міндетті жалпы орта білім беру мерзімін 11 жылдан 12 жылға ұзартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Ал Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесін қайта қарап, мектептерді 11 жылдық форматқа көшіру мәселесі көтеріліп жатыр.

Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы 24 қарашада "Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие туралы" және "Білім туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатты қабылдады. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы бойынша мектепке дейінгі бір жылдық дайындық міндетті жалпы орта білім берудің бастапқы кезеңі ретінде енгізіледі. Осылайша, балалардың міндетті білім алу мерзімі 11 жылдан 12 жылға дейін ұзарады. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгеріс Өзбекстанның ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Құжат енді Сенаттың қарауына жіберілді. Жоғарғы палата мақұлдағаннан кейін президенттің қол қоюына ұсынылады.

Ал Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесі қайта қаралып жатыр. 8 қыркүйекте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет брифингінде мектептерді 11 жылдық білім беру форматына көшіру жоспары туралы мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір арнайы комиссия мектеп бағдарламаларының мазмұны мен өзара сәйкестігін зерделеп жатыр. Бұл бастама мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясында 18 жасқа толған жасөспірімдердің мектепте оқуын жалғастыруының қаншалықты орынды екеніне қатысты сынынан кейін көтерілген.

"Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстанда бірыңғай білім беру стандарты болуы керек. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының 88%-ы мектепті 18 жасында аяқтайтынын көріп отырмыз. НЗМ-де білім алатын оқушылардың 10-сыныптан кейін құжаттарын алып, жалпы білім беретін мектептерге ауысу үрдісі де байқалады. Сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесін қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Яғни барлық оқу бағдарламасы мен олардың мазмұнын, соның ішінде халықаралық бағдарламаларды да 11 жылдық форматқа бейімдеу қажет", – деді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде 11 жылдық білім беру жүйесі қолданылады. Ал 12 жылдық бағдарлама негізінен Назарбаев зияткерлік мектептерінде, жекеменшік және халықаралық мектептерде бар.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз