Астана мен Алматыдан Мәскеу мен Екатеринбургке жаңа әуе рейстері ашылады

Ural Airlines Алматы мен Астанаға 4 рейс ашады. Фото: Depositphotos.com
Ural Airlines Алматы мен Астанаға 4 рейс ашады. Фото: Depositphotos.com
Алғашқы рейстер 25-26 желтоқсанға жоспарланған.

Ural Airlines Мәскеу мен Екатеринбургті Қазақстанның Астана және Алматы қалаларымен байланыстыратын төрт әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр. 

Мәскеу түбіндегі Жуковский әуежайынан Алматы мен Астанаға жолаушы тасымалдайтын алғашқы рейстер 25 желтоқсанға жоспарланған. 

Ұшақ Астанаға 3 сағат 20 минутта жететін болса, Алматыға жол ұзақтығы 4 сағат 30 минутқа тең. 

Рейстер күнделікті орындалады. 

Екатеринбургтен Алматыға алғашқы рейс 25 желтоқсанда шығады. Жол ұзақтығы – 3 сағатқа жуық. Жолаушылар әр сейсенбі, жұма және жексенбі сайын қатынай алады. 

Ал Екатеринбургтен Астанаға алғашқы рейс 26 желтоқсанға жоспарланған. Рейc күндері – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі. Жолаушылар әуеде 1 сағат 50 минутын өткізеді.   

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз