Ауа райы
Бүгін +10…+16°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +16°C
Тікелей эфир
+16°C

Ала бұлтты

Сезіледі +16° Жел 5 км/сағ
Бүгін
+10…+16°
Ала бұлтты
Ертең
+3…+10°
Қатты жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 12:17

4 күнде – 1 сараптама тобы мен 2 комиссия. Оларды кім басқарады және немен айналысады

Тоқаевтың жарлығымен екі мемлекеттік комиссия мен сараптама тобы құрылды. Фото: Ақорда
Тоқаевтың жарлығымен екі мемлекеттік комиссия мен сараптама тобы құрылды. Фото: Ақорда
Екі комиссия мен сараптама тобының құрамында мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері бар.

Төрт күн ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен бір сараптама тобы мен екі мемлекеттік комиссия құрылды. Олардың әрқайсы стратегиялық даму, инфрақұрылымдық жобалардың қаржысын бақылау және мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерімен айналысады. 

Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобын Президент Әкімшілігі емес, оның жұмыс органы саналатын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қамтамасыз етеді. Топ Қазақстанның ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындауға, тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеуге, талдамалық және форсайт зерттеулердің нәтижелерін талқылауға бағытталған. Отырыстары кемінде айына бір рет өтеді. Сараптама тобына Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қарин жетекшелік етеді.

"Халықтық құрылыс" бағдарламасын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны Жоғары аудиторлық палата басқарады. Оның негізгі міндеті – инфрақұрылым жобаларының уақытында әрі сапалы орындалуын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау. Комиссия мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіп, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды. Жұмыс қорытындысы бойынша Президентке тоқсан сайын және жыл сайын есеп береді. Комиссия төрағасы – Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың бағыттары мен тәсілдерін әзірлеумен айналысады. Оның жұмыс органы – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі. Комиссия мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарына қатысты ұсыныстарды қарайды. Комиссияны президенті әкімшілігінің басшысы Роман Скляр басқарады.

Үш құрылымның айырмашылығы: біріншісі елдің ұзақмерзімді даму бағытын сараптамалық тұрғыдан пысықтайды, екіншісі инфрақұрылымға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайды, ал үшіншісі мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз