Ауа райы
Бүгін +10…+12°
Ертең +3…+10°
Ауа райы Алматы +12°C
Тікелей эфир
+12°C

Көбіне ашық

Сезіледі +12° Жел 5,4 км/сағ
Бүгін
+10…+12°
Көбіне ашық
Ертең
+3…+10°
Қатты жаңбыр

Болжам уақыты 26.11, 16:19

Депутатқа жауап: Теолог ру мен рушылдықты шатастырмауға шақырды

Философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай. Фото Досай Кенжетайдың Facebook парақшасынан алынды
Философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай. Фото Досай Кенжетайдың Facebook парақшасынан алынды
Профессор Досай Кенжетай Құрылтай депутаты Аят Сүгірбайдың кәсіпорындарды ру атымен атауға қарсы сауалы жайлы пікір білдірді.

Кәсіпорындарды қазақ руларының атымен атау туралы мәселеге дінтанушы, ясауитанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай пікір білдірді.

Профессордың айтуынша, қазақ үшін ру атауы – тарихи-мәдени мұра. 

"Қазақтың ру-тайпалық жүйесі кездейсоқ қалыптасқан жоқ. Ол тарихи кезеңдерде қоғамдық ұйымдасуға, өзара жауапкершілікке, туыстық қатынастарға, жер мен аумақты игеруге, тарихи жад пен сабақтастыққа қызмет етті. Сондықтан ру атауын қолданудың өзін ұлтқа қауіп деп бағалау – тарихи және мемлекеттік тұрғыдан үлкен қателік", – деді ол.

Досай Кенжетай кәсіпорын атауындағы ру мен рушылдықты шатастырмауға шақырды. Оның айтуынша, кәсіпкердің өз руының атауын кәсіпорнына беруі міндетті түрде басқа руларды кемсіту немесе руға бөлінуді білдірмейді. 

"Ру атауын тарихи құрмет ретінде пайдалану; Ру атауын коммерциялық бренд ретінде қолдану; Ру атауын белгілі бір топтың экономикалық немесе әлеуметтік артықшылығын көрсету үшін пайдалану. Міне, осы үшіншісі шынымен қауіпті. Бірақ, алғашқы екеуін бірдей жоққа шығару дұрыс емес", – дейді профессор.

Бұған дейін құрылтай депутаты Аят Сүгірбай Қазақстанда ру атауымен тіркелген 800-ге жуық ұйым бар екенін айтып, оларды тіркеуге заңмен шектеу енгізуді ұсынған еді. Досай Кенжетай бұл жерде әлдеқайда терең мәселе бар екенін айтады.

"Қазақтың ру-тайпалық құрылымы – оның тарихи қоғамдық ұйымдасу жүйесі. Қазақ үш жүзден тұрады, бөлінбеген. Үш жүз үш бөлек ұлт болған жоқ. Керісінше, олар біртұтас қазақ халқының тарихи құрылымдық жүйесі болды. Сондықтан біз екі ұғымды ажыратуымыз керек: Рулық сана – адамның өзінің тарихи тегін, шежіресін, шыққан ортасын білуі. Рушылдық – ру мүддесін ұлттық және мемлекеттік мүддеден жоғары қоюы. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Егер ру атауы қоғамды бөлетін болса, онда сол тарихи атауларды зерттеуге, шежірені жариялауға, ру тарихын насихаттауға да шектеу қою керек пе? Жоқ. Өйткені мәселе атауда емес, қоғамдық қатынаста", – деді ол.

Досай Кенжетайдың ойынша, қазақты руынан ажырату арқылы ұлтты біріктіру мүмкін емес. 

"Ұлтты біріктіретін нәрсе – рулардың тарихи болмысын мойындай отырып, олардың бәрін ортақ мемлекеттік мүддеге бағындыру. Бірлік дегеніміз – тарихи ерекшелікті жою емес, сол ерекшелікті ортақ ұлттық тұтастыққа айналдыру. Осы мәселені талқылағанда мен бір қағиданы ұсынар едім: "Ру – тарихи тамыр, ұлт – ортақ болмыс, мемлекет – ортақ мүдде", – деді профессор.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз