Прямой эфир Новости спорта

Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан 2402 адам ұсталды

Өткен тәулікте “102” пультіне 586 хабарлама түскен.

Алматыда лаңкестікке қарсы операция басталғалы бері заңсыз әрекеттерге, тонаушылыққа және басқа да қылмыстарға қатысқан 2402 адам ұсталды, деп хабарлайды қала комендатурасы.

Барлығы 79 атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәулікте “102” пультіне 586 хабарлама түскен.

Комендатураның Call-орталығына жедел ден қоюды талап ететін 93 дабыл түскен.

Айта кетейік, өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты бүгін Ақмола және Қостанай облысы төтенше жағдай режимінен шықты.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары