Тікелей эфир

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендердің бір тобы баспаналы болды

Жаңа үй кілтін оларға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған табыс етті.

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған биыл жойқын жер сілкініс кезінде баспанасыз қалған азаматтардың бір тобына жаңа үй кілтін табыс етті, деп хабарлады Анадолы ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта 507 мың пәтерлік тұрғын үй мен 143 мың жеке үй бой көтереді. Олардың 319 мыңы биыл пайдалануға беріледі.

"Жойқын зілзаладан 15 күн өткенде алғашқы жеке үйлердің іргетасы қаланған болатын. Құрылыс жұмыстары үздіксіз жүргізілді және әлі де жүріп жатыр. Қазірге дейін барлығы 60 мың отбасыға арналған тұрғын үйлердің іргетасы қаланды. Біз жерлестерімізді мейлінше ертерек баспанамен қамтамасыз ету міндетін алға қойып отырмыз", – деді Режеп Тайып Ердоған.

Фото: Анадолы ақпарат агенттігі

Оқи отырыңыз: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі Қазақстанға қарай жылжи ма? Сейсмологпен сұхбат


Ол, сондай-ақ, апат болған елді мекендердің инфрақұрылымы да жаппай жаңартылып жатқанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Олардың бірі бойынша, фермерлерге пайызсыз несие беріледі.

Серіктестер жаңалықтары