Тікелей эфир

Түркі елдері табиғи және техногендік апаттармен бірлесіп күреседі

Бес ел арасында Азаматтық қорғау тетігін құру жөнінде келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттері Азаматтық қорғау тетігін құру жөнінде келісімге қол қоюға дайындық басталды. Мұндай шешімді аталған ел басшылары биыл 16 наурызда өткен Түркі мемлекеттері ұйымдарының кеңесінде қабылдаған болатын. 

Келісім жобасына сәйкес, бес ел келесі міндеттерді мойнына алады: 

  • ден қою, өмір мен мүлікті құтқару, медициналық көмек, шұғыл байланыс, мониторинг және талдау, тұрғын үй, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі гуманитарлық көмек, сондай-ақ дайындықтың алдын алу және қамтамасыз ету, табиғи апаттарға ден қою бойынша білім мен тәжірибе беру;
  • төтенше жағдайларды басқару саласында жұмыс істейтін барлық деңгейдегі персоналдың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өндірістен қол үзбей оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу және өндірістен қол үзбей оқытудың теориялық және қолданбалы бағдарламаларын ұйымдастыру;
  • өңірлік табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен әдістерін әзірлеу үшін тренингтер, оқу-жаттығулар мен әкімшілік және техникалық сапарларды ұйымдастыру.

Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттеріне ортақ оңайлатылған кеден дәлізі құрылады


Ұйымға тараптардың құзырлы министрлері мүшелік ететін Министрлер кеңесі басшылық етеді. Ал ұйым қызметі тараптар енгізетін міндетті және ерікті жарналардың есебінен жүзеге асырылады. Келісім жобасына сәйкес, ұйымның бюджетін қалыптастыру жөніндегі шарт жасалғанға дейін әр ел жыл сайын 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде міндетті жарна төлейді. 

Ал келісімнің депозитариі болып Түркия республикасы айқындалған. 

Серіктестер жаңалықтары