Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісім жобасы әзірленіп, ол ашық талқылауға шығарылды.
Жаңа келісім кеден органдары арасында ақпарат алмасу технологияларына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы ақпарат алмасуға негізделген.
Яғни, оңайлатылған кеден дәлізін пайдаланатын сауда операторлары тасымалдайтын жүктері туралы ерікті түрде ақпарат береді. Бұл процесс ашық жүргізілуі қажет және жосықсыз бәсекеге алып келмеуі тиіс.
Оңайлатылған кеден дәлізінде сауда операторларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, өткізу пункттерінде кедендік рәсімдеу тәртібі жеңілдейді және сәйкесінше рәсімдеу уақыты қысқарады. Сондай-ақ, егер сауда операторлары кеден заңнамасын бұзбаған жағдайда жүк көліктеріне кедендік тексеру жүргізілмейді. Ал тексеру қажет болған жағдайда ол жеңіл тәртіппен және қысқа мерзімде атқарылады.
Оқи отырыңыз: ТМД елдері арасындағы кедендік мәселелер тезірек шешілетін болады