Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытында энергия үнемдеу технологияларын енгізіп жатыр

Балқаш мыс балқыту зауыты. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Балқаш мыс балқыту зауыты. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Жаңа жабдықтың алдын ала пайдалану нәтижесі бойынша мазут шығыны 15 пайызға қысқарды.

"Қазақмыс" тобының Балқаш мыс балқыту зауытында №3 анод пешіне арналған жану үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Жаңа жабдықтың алдын ала пайдалану нәтижесі бойынша мазут шығыны 15%-ға қысқарды. Жоба аясында пешке автоматтандырылған басқару және қорғау жүйесі бар екі заманауи мазут оттығы орнатылды. Инвестиция көлемі 60,26 млн теңгені құрады. 

Мыс балқыту процесі. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Бұған дейін отын мен ауа беру қолмен реттелетін. Бұл жану үдерісінің тұрақты режимін қамтамасыз етуді қиындатып, түтіннің пайда болуына және күйенің жиналуына әкелетін. Жаңа жүйе мазут пен ауа беруді автоматты түрде реттейді, отын шығынын бақылайды және технологиялық параметрлер рұқсат етілген мәннен ауытқыған жағдайда отын беруді тоқтатады. Бұл тұрақты жылу режимін сақтауға, отынның жану тиімділігін арттыруға және қолмен орындалатын операцияларды азайтуға жағдай жасайды. 

Сонымен қатар әр агрегат бойынша мазут шығынын жеке есепке алу жүйесі енгізілді. Бұл отын тұтынуды дәлірек бақылауға, артық шығынның себебін анықтауға және анодты мыс өндіру үшін қажетті технологиялық талапты сақтауға мүмкіндік береді. 

№3 анод пеші жаңа технология енгізілген алғашқы нысан болды. Нәтиже расталған жағдайда осындай жүйені №1 және №2 анод пештеріне орнату жоспарлануда. 

Алдағы уақытта кептіру пештеріндегі, Ванюков пештеріндегі және конвертерлердегі жану жүйесін жаңғырту мүмкіндігі қарастырылуда. Жоба Балқаш мыс балқыту зауытын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ол өндірістің тиімділігін арттыруды, жабдықтардың техникалық сенімділігін қамтамасыз етуді және ресурстарды ұтымды пайдалануды көздейді. 

Қолданысқа жану үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу технологиялық үдерісті жетілдіруге және металлургиялық өндірісте отын шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау