Higgsfield құрылтайшысы, миллиардер Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Жаслан Мәдиев пен Алекс Машрабов. Фото Жаслан Мәдиевтің Facebook парақшасынан алынды
Жаслан Мәдиев пен Алекс Машрабов. Фото Жаслан Мәдиевтің Facebook парақшасынан алынды
Оған қазақстандық төлқұжатты Қазақстанның ЖИ министрі Жаслан Мәдиев табыстады.

Енді Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов – Қазақстан азаматы. Ол Қазақстан азаматының төлқұжатын иеленді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев хабарлады. 

"Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын қуана табыстадым. Биылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Президент жасанды интеллектіні дамытуға және таланттарды қолдауға ерекше мән береді. Біз болашақ технологияларын жасайтын мамандардың өз жоспарларын Қазақстанмен байланыстырып, идеяларын жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктерді елімізден тапқанын қалаймыз", – деп жазды ол. 

Алекс Машрабов бұған дейін Ресей азаматы болды. Ол AI Facrory стартабының негізін қалаушы. Бұл жобаны америкалық Snap компаниясы сатып алғаннан кейін ол осы компанияның ЖИ бағытына жетекшілік етті. 

Ал 2023 жылы Алекс Машрабов қазақстандық Ерзат Дулатпен бірге Higgsfield компаниясының негізін қалады. 

Биылғы қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатты қабылдап, стартапының жетістігіне жоғары баға берді және елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты.

Higgsfield командасының 95 пайызы Қазақстан азаматтарынан құралған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау