Алматы тауларында адасқан туристерді табуға көмектесетін жаңа жүйе сынақтан өтіп жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда туристерге AG Tag құрылғысын беретін 12 пункт ашу жоспарланып отыр.

Алматыда ұялы байланыс пен интернет қолжетімсіз болған жағдайда да адамның орналасқан жерін құтқарушыларға жеткізетін жаңа қауіпсіздік жүйесі әзірленді. AG Tag құрылғысына негізделген жоба қазір сынақтан өтіп жатыр.

AG Digital KZ компаниясы Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының қатысуымен әзірлеп жатқан жүйе таулы және жетуі қиын аймақтардағы іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға арналған.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, Алматы тауларында жыл сайын 1 000-нан астам іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіледі. Алайда көптеген туристік бағытта ұялы байланыс жоқ. Соның салдарынан көмекке мұқтаж адамның нақты қай жерде екенін анықтау қиынға соғады. AG Tag құрылғысы спутниктік навигация арқылы адамның координаттарын өздігінен анықтап, радиобайланыс көмегімен құтқару қызметінің базалық станциясына жібереді. Орналасқан жер туралы деректер әр екі секунд сайын жаңарып отырады. Төтенше жағдай кезінде турист құрылғыдағы SOS батырмасын бір рет басып, дабыл белгісін жолдай алады. Осыдан кейін адамның координаттары жедел кезекшінің электрондық картасында көрсетіледі.

"Қазіргі конфигурация бойынша құрылғыдан жіберілген сигнал 15 шақырымға дейінгі қашықтыққа жетеді. Жүйе құрылғымен байланыстың бар-жоғын бақылап, сигнал жоғалған жағдайда оның соңғы тіркелген орнын да сақтайды. Ал базалық станция интернет пен ұялы байланыс желісіне қосылмай-ақ автономды жұмыс істей алады. Жоба аясында туристерге AG Tag құрылғысын eGov Mobile қосымшасындағы QR-код арқылы беру тетігі қарастырылып жатыр. Сапарға шығар алдында пайдаланушы жүретін бағыты мен болжамды қайту уақытын тіркеп, жеке құрылғыны ала алады. Сапар аяқталған соң оны қайтарады. Алматының негізгі туристік бағыттарында осындай жабдық беретін 12 пункт ашу көзделген. Олардың қатарында Алма-Арасан, Аюсай, Медеу, Кімасар, Көкжайлау, Бұтақты және Шымбұлақ бар", – делінген хабарламада.

Қазір жүйе Алматының алты таулы бағытында сынақтан өткен. Тексерулер Турист, Панорама, Букреев және Фурманов шыңдары мен Үлкен Алматы көлі маңында жүргізілді. Мамандар құрылғыны әртүрлі ауа райы жағдайында, соның ішінде биік таулы аймақтарда сынаған. Сонымен қатар Алматының Құтқару қызметі және ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлескен сынақтар ұйымдастырылды. Олар ұялы байланыс желісі жоқ аумақтарда да өткізілді. Тексеру нәтижесінде жүйенің жұмыс істеу қабілеті расталды. Қазір келесі сынақ кезеңіне арналған құрылғылардың алғашқы партиясы дайындалған.

2026 жылдың соңына дейін Алматы туристері мен альпинистік қауымдастықтарының қатысуымен пилоттық сынақтарды бастау жоспарланып отыр. Оған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, Альпинизм федерациясы және визит-орталықтар қатысады. Алдағы уақытта технологияны Алматы тауларынан бөлек, Қазақстанның өзге туристік аймақтары мен жетуі қиын өңірлерінде де қолдану көзделген. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау