Астанада баласын балабақшаға кезексіз кіргізуге уәде берген әйел ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ата-аналарды әлеуметтік желі арқылы алдаған.

Астанада 33 жастағы әйел мемлекеттік балабақшаға кезексіз орын алып беруге уәде етіп, ата-аналардың ақшасын иемденген. Қазіргі уақытта оның үстінен 10 алаяқтық дерегі тіркелген. Polisia.kz мәліметінше, күдікті ата-аналарды әлеуметтік желілер арқылы іздеген.

"Ол елордадағы мемлекеттік балабақшалар туралы жарияланымдардың астына пікір жазып, баласына мектепке дейінгі ұйымнан орын іздеген азаматтармен байланыс орнатқан. Әйел ата-аналардың сеніміне кіріп, балаларын мемлекеттік балабақшаларға кезектен тыс орналастырып беруге уәде еткен. Осы қызметі үшін азаматтардан ақшаны өзінің банктік шотына аударуды сұраған. Алайда түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің осындай әрекетіне қатысты 10 дерек ресми түрде анықталған. Қазір полиция келтірілген шығынның жалпы көлемін есептеп, әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осыған байланысты полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде ұсынылатын күмәнді қызметтерден сақ болуға шақырды. Ведомство мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тек ресми арналарды пайдалануға кеңес берді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау