Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. Шетел валютасының орташа бағамы 4,02 теңгеге төмендеп, 447,14 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 451,87 теңге.
Астанадағы айырбастау орындарындағы бағам
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 446 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр;
- еуроның сатып алу бағамы – 499 теңге, сату бағамы – 509 теңге;
- рубль 5,15 теңгеден сатып алынып, 5,35 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы валюта бағамы
Алматыдағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 447,56 теңгеден сатып алынып, 449,49 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның бағамы 498,93–504,10 теңге аралығында. Ал рубль 5,21 теңгеден сатып алынып, 5,33 теңгеден сатылып жатыр.