Ташкентте уланып қалған қарағандылық балалар Қазақстанға оралды

Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
Футбол жарысына барған қазақстандықтардың 18-і ауруханаға түскен.

Өзбекстанның Ташкент қаласына футбол жарысына барған қарағандылық балалар ауруханадан шығып, Қазақстанға оралды. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі хабарлады.

Елшілік мәліметінше, уланған балаларға Ташкенттегі дәрігерлер қажет медициналық көмекті уақытылы көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрліктері олардың елге аман-есен оралуына жәрдемдескен.

Дипломаттар екі елдің медициналық мекемелерімен және тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста болып, консулдық әрі ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге атсалысқан.

"Қазақстан елшілігі №5 қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының басшылығы мен медицина қызметкерлеріне, осы іске атсалысқан барлық қызметкерге жылдам көмек көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді", – делінген елшілік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдан Ташкентке футбол жарысына барған 18 адамның уланып, ауруханаға түскені хабарланған еді. Олардың 12-сі – бала, алтауы – ересек адам. Қазақстаннан Өзбекстан астанасына жарысқа қатысу үшін жалпы саны 95 адам барған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау