"Тойдан кем емес". Бас мүфти құдайы астың дастарханын сынға алды

Құдайы ас беру үшін қарыз алатындар көбейді. Фото: Depositphotos.com
Құдайы ас беру үшін қарыз алатындар көбейді. Фото: Depositphotos.com
Мүфтият ас берудің мәдениетіне арналған құжатты әзірледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы құдайы ас беру мәдениеті туралы баяндап, ысырапшылдыққа жол бермеудің маңызын айтты. 

Оның сөзінше, бүгінде құдайы астардағы дастарқан мәзірі тойдыкінен кем емес. 

"Қоғамда көрініс тауып отырған, шариғат пен дәстүрге сәйкес келмейтін шындығынан жорамалы басым, пайдасынан зияны көп кейбір әдеттердің ел арасында етек жая бастауы баршамызды алаңдатып отыр. Әсіресе, қайтыс болған кісіні арулап жер қойнына тапсырып, жаназасын шығарғанда, жетісі, қырық күндігі, жыл толуына байланысты дастарқан жайылғанда дінімізде нақты талап етілмеген, салт-дәстүрімізге сай келмейтін, ақырет үшін пайдасыз кейбір әдеттер қоғамда белең ала бастады. Мысалы, жақынынан айырылып отырған қаралы шаңырақ "көпшілікке ас беру – перзенттік міндетіміз" деп ас та төк дастарқан жайып, шектен тыс шығынға батуда. Бұл орташа табысы бар көптеген отбасыларға ауыртпашылық тудыратыны сөзсіз", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Осы ретте бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Ас беру мәдениеті" құжатын қабылдағанын еске салды. 

"Ислам құқығында "Үкімдер уақыт пен мерзімнің өзгеруіне қарай өзгеріске  ұшырайды" деген маңызды қағида бар. Сондықтан жаңа заман талабына сай кейбір әдеттер мен дағдылардың өзгеруі заңды құбылыс. Қазіргі кезде бүкіл әлемде қоғамның ақпараттық бет-бейнесі күрт өзгеруде. ...Дәл сол секілді құдайы ас беру мәдениетін де заман мен қоғам талабына сәйкестендірудің қажеттілігі туындап отыр. "Құдайы ас" берудің түпкі өзегін, мәнін сақтай отырып, жаңаша сипатқа көшудің маңызы осында. Құдайы астағы дастарқан мәзірін бекітіп, сол мәзірге халықтың бірауыздан келісуі маңызды. Қала мен өңірдегі мешіт жанынан ашылған асханаларда ҚМДБ бекіткен құдайы ас мәзірі бойынша дастарқан жайылып, бұл бастама көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болуда", – деді басқарма төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау