"Райымбек" станциясында бомба бар". Алматы метросында арнайы тексеру жүргізілді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алматы метросының "Райымбек" станциясында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін арнайы тексеру жүргізілді. Полиция қызметкерлері хабар берген әйелді оқиға орнында ұстаған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, әйел метро қызметкерлеріне станцияда жарылғыш құрылғы бар екенін айтқан. Ол дереу ұсталды.

"Оқиға орнына тиісті мамандар тартылып, комиссия станцияны толық тексерген. Алайда тексеру барысында жарылғыш құрылғылар мен күдікті заттар табылған жоқ", – делінген хабарламада.

Комиссияның алдын ала мәліметінше, бомба туралы хабарлаған әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Қазір полиция аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау