Павлодар облысында сегіз ауылдық округ әкімі тұрмыстық қалдықтарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратура мәліметінше, оларға жалпы сомасы 1,7 миллион теңге айыппұл салынды.
"Аққулы ауданы аумағында 20-дан астам қоқыс полигоны анықталған. Алайда олардың ешқайсысында зиянды қалдықтарды орналастыруға қажетті рұқсат құжаттары болмаған. Тексеру барысында полигондардың экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды. Сонымен қатар қажет техникалық құжаттар да жоқ болып шыққан", – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, қалдықтардан бөлінетін сүзінді мен ағын суларды бақылау жүйесі де жолға қойылмағаны анықталды.
USD:
469.9 / 472.9
EUR:
552.5 / 557.5
RUB:
6.01 / 6.13