Алатау қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған жаңа тарифтер бекітіледі. Тиісті жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланып, көпшілік талқылауына ұсынылды.
Құжатты Алатау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі әзірлеген. Жоба шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормалары, сонымен қатар оларды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер бекітіледі.
Құжаттың негізгі мақсаты:
- қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландырудың экономикалық тетігін қалыптастыру;
- елді мекендердің санитарлық жағдайын сақтау және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының алдын алу;
- экологиялық қауіпсіздікті күшейту және қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.
Жоба 2025 жылғы 6 қарашаға дейін ашық талқылауда болады.
USD:
463.1 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13