Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаңтардың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 54 ардагері тұрады, олардың 16-сы – соғыс мүгедектері.
Бұл санатқа 6 қаңтарда 98 жасында дүниеден өткен Фёдор Щеглов та кірген. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы ҰОС-тың соңғы ардагері еді. Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының бірде-бір ардагері қалмаған.
Қалған өңірлердегі ардагерлер саны мынадай:
- Алматы қаласы – 12 ардагер
- Алматы облысы – 9
- Шығыс Қазақстан облысы – 5
- Павлодар облысы – 5
- Қарағанды облысы – 4
- Қостанай облысы – 4
- Астана қаласы – 3
- Батыс Қазақстан облысы – 3
- Түркістан облысы – 3
- Маңғыстау облысы – 2
- Ақмола облысы – 1
- Жамбыл облысы – 1
- Жетісу облысы – 1
Министрлік дерегінше, 2025 жылғы қазан айында елде 86 ардагер, ал бір жыл бұрын 120 Ұлы Отан соғысы ардагері болған. Қазіргі таңда ардагерлердің басым бөлігі 100 жас шамасында.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43