Тоқаев ҚТЖ ардагері Қалтай Сәмбетовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚТЖ-ның ардагері Қалтай Сәмбетовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары