Тікелей эфир

Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды

Құжаттар бүгіннен бастап 10 қазанға дейін қабылданады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру аясында қазақстандық қажыларды тасымалдауға әуе компаниялары арасында байқау жариялады. 

Байқауға қатысуға ниетті компаниялар келесі шарттарды орындауы тиіс: 

  • Авиакомпанияның "Қажылық-2024" маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
  • Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы королдігінің арасында тікелей әуе маршрутына арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
  • Әуе компаниясының А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мәдина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
  • Әуе компаниясы қазақстандық қажыларды 02.06.2024 жыл мен 12.06.2024 жыл аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 24.06.2024 жыл мен 30.06.2024 жыл аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну.

"Аталған құжаттар осы жылдың 28 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 10 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды", – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Еске салайық, Сауд Арабия Қажылық және ұмра министрлігі 2024 жылғы қажылық маусымы үшін Қазақстанға 10 мың қажылық орнын ұсынды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп (2023 жылғы квота саны 4 мың болатын). 


Оқи отырыңыз: Қажылық 2024: Сауд Арабиясы Қазақстанға 10 мың орын ұсынды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары