Тікелей эфир

Қазақстанда "Құрметті донор" төсбелгісі қайта табысталады

Ол үшін донор кемінде 40 рет қан не 70 рет қан плазмасын өтеусіз негізде өткізуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі "Құрметті донор" төсбелгісін қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Мұндай төсбелгі 2009 жылы күшін жойған болатын. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды. 

"Құрметті донор" төсбелгісі жойылғанымен, осы уақытқа дейін кемінде 40 рет қан не 70 рет қан плазмасын өтеусіз негізде өткізген донорлар "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталып келді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазірге таңда жоғарыда аталған мөлшерде қан өткізген 210 адам бар. Алайда олардың 65-і ғана (30 пайыз) арнайы төсбелгімен марапатталған.

"Құрметті донор" төсбелгісі

 

"Құрметті донор" төсбелгісімен Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі үшін, қан донациясын және (немесе) тромбоциттерді кемінде 40 рет, плазма донациясын кемінде 70 рет өтеусіз негізде жүзеге асырғаны үшін  марапатталады",  – делінген құжат жобасында.


Оқи отырыңыз: Қан доноры болу үшін не білу қажет? Маңызды 10 сұраққа жауап


Жобаны жария талқылау мерзімі – 6 қазанға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары