Найзағай, бұршақ және қатты жел: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: priroda.club
Фото: priroda.club
Астана мен Шымкентте нөсер, дауыл болады.

"Қазгидромет" 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, Астана, Шымкент және еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында найзағайлы жаңбыр, бұршақ, тұман және қатты жел күтіледі. Көптеген өңірде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетіп, кей жерлерде 25–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Солтүстік және орталық аймақтарда, атап айтқанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жаңбыр, найзағаймен қатар бұршақ жаууы ықтимал. Кей өңірлерде тұман түсіп, түнгі уақытта үсік жүру қаупі бар.

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында да найзағай, жаңбыр және бұршақ күтіледі.

Шығыс өңірлерде, соның ішінде Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында жел күшейіп, кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда — Алматы облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облысы аумақтарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Таулы өңірлерде тұман түседі.

Ал Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, жаңбыр жауады. Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, кей жерлерде үсік болуы мүмкін.

Маңғыстау облысы мен Атырау облысында да жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей аумақта тұман түседі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз