Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері қазіргі деңгейде – 85 мың теңге болып қала ма, әлде 95 немесе 150 мың теңгеге дейін өсіріле ме – бұл мәселе жыл соңына дейін белгілі болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, ең төменгі жалақы көлемін өзгерту көбіне жұмыс берушілерге байланысты.
"Жұмыс берушілер қызметкерге 85 мың теңгеден төмен жалақы белгілей алмайды, өйткені бұл – олардың әлеуметтік жауапкершілігі. 2024 жылы ең төменгі еңбекақыны есептеудің арнайы әдістемесі әзірленіп, жауапты мемлекеттік органдардың қарауына жолданған. Қазіргі уақытта құжат жан-жақты талқылану үстінде. Талқылаудан кейін ортақ шешімге келуіміз керек. 85 мың теңгеге өмір сүру, шын мәнінде, қиын. Дегенмен ең төменгі жалақыны көбіне күніне 3-4 сағат жұмыс істейтін мамандар алады", – деді министр.
USD:
461.7 / 464.5
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.01 / 6.13