USD: 465.5 / 468.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.41 / 5.53
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

"Информбюро" телебағдарламасы өзінің 30 жылдығына орай Алматыға шахмат алаңын сыйға тартты

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алаңның ашылу рәсімінде балалар гроссмейстер Гүлмира Дәулетова және Эдгар Мамедовпен шахмат ойнады.

Алматыдағы Тереңқұрда жаңа шахмат алаңы ашылды. Бұл – 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының өзінің 30 жылдығына орай қалаға жасаған сыйы. 

Фото: Informburo.kz

Енді бұл алаңда орнатылған арнайы үстелдерде кез келген адам шахмат ойнай алады. Алаңның ашылу салтанатында балалар үшін кәсіби шахматшылармен бір мезетте шахмат ойыны ұйымдастырылды. Оған Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры, әйелдер арасындағы гроссмейстер Гүлмира Дәулетова және Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Эдгар Мамедов қатысты.

Гүлмира Дәулетова мен Эдгар Мамедов шахмат алаңының ашылу рәсімінде. Фото: Informburo.kz
 Эдгар Мамедов балалармен шахмат партиясын ойнап жатыр. Фото: Informburo.kz

"31 арна" бас директоры Айгүл Ақсамбиева қалаға сыйлық жасау идеясы туғанда таңдау неліктен дәл шахмат алаңына түскенін түсіндірді.

"31 арнаның" бас директоры Айгүл Ақсамбиева. Фото: Informburo.kz

"Информбюро" – ой үстінде жүретін адамдарға арналған бағдарлама болғандықтан, біз шахмат ойнайтын кеңістік жасауды ұйғардық. Біздің көрермендеріміз қорытындыны өзі жасайды. Сәйкесінше, шахмат та – өз бетінше қорытынды жасауға баулитын өнер. Бұл алаң – адамдардың "Информбюромен" эфир арқылы ғана емес, өмірде де кездесетін алғашқы орны болмақ және бұл үрдіс әрі қарай жалғасады деп үміттенемін", – деді Айгүл Ақсамбиева.

Оның айтуынша, бұл жоба "31" медиахолдингінің жастар мен аға буын өкілдерін біріктіретін зияткерлік демалысты дамытуға қосқан үлесі болды.

Фото: Informburo.kz

Шахмат алаңы Тереңқұрдың Әбділда Тәжібаев пен Армянская көшелерінің арасындағы бөлігінде орналасқан. Тауды бетке алып жүрсеңіз, шахмат кеңістігін балалар ойын алаңынан кейін, "Алтыбақан" әткеншектерінің жанынан табасыз.

Шахмат алаңының орны көк маркермен белгіленген. Скрин: 2ГИС

Медеу ауданы әкімінің аппараты абаттандыру бөлімінің басшысы Абылай Мәкейдің айтуынша, Тереңқұрдың бұл бөлігі арқылы күн сайын мыңға жуық адам өтеді. Таңертең мұнда жүгіруді ұнататындар келсе, күндіз қарт қала тұрғындары серуендейді, ал кешке отбасылар балаларымен бірге уақыт өткізеді. Бұған дейін бұл жерде арнайы шахмат алаңы болмаған.

Медеу ауданы әкімінің аппараты абаттандыру бөлімінің басшысы Абылай Мәкей. Фото: Informburo.kz

"Бұл алаң күн сайын отбасымен бірге уақыт өткізетін қала мен аудан тұрғындарының басын қосатын орынға айналады деп ойлаймын. Бұл телеарна тарапынан жасалған өте жақсы бастама болды", – деді Абылай Мәкей.

Эдгар Мамедов өзінің туған жері Ақтаудағы осындай алаңның шахматшы ретінде дамуына ықпал еткенін айтты.

Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер Эдгар Мамедов. Фото: Informburo.kz

"Біздің жағалауда осындай шахмат бұрышы ашылған кезде, мен ол жерде көп ойнадым, шеберлігімді шыңдадым және жаңа достар таптым. Мұндай алаңдар шахматты кеңінен насихаттауға көмектеседі: адамдардың көбі шахмат ойнай бастайды, ал олардың кейбірі кейін бұл спортпен кәсіби түрде айналысады", – деді Эдгар Мамедов.

Қазақстан шахмат федерациясы Тереңқұрдағы жаңа алаң басқа балаларға да осындай мүмкіндік береді деп отыр.

Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова. Фото: Informburo.kz

"Бұл кеңістік балаларға, шахмат әуесқойлары мен ардагерлерге күн сайын шахмат ойнап, шеберлігін жетілдіруге және болашақ жеңістерге дайындалуға мүмкіндік береді. Бәлкім, дәл осы жерден болашақ әлем чемпиондарының шахматтағы жолы басталар", – деді федерацияның атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау