Алдағы үш күнде Алматы мен Шымкентте жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Ал Астанада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елордада түнгі температура -7 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
11 қарашада елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде -5…-7, күндіз -1…+1 градус.
12 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде -4…-6, күндіз -1…+1 градус болады.
13 қарашада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9–14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы -2…-4, күндіз 0…+2 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда 11 қарашада күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Кей уақытта жауын-шашын қатты болуы мүмкін. Тұман түсіп, жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Кей уақытта оның екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады. Күндіз температура төмендейді.
12 қарашада түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Күндіз жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +5…+7 градусқа дейін көтеріледі.
13 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1…-3, күндіз +5…+7 градус болады.
Шымкентте 11 қарашада күн бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады. Күндіз температура төмендейді.
12 қарашада жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде -1…-3, күндіз +7…+9 градус күтіледі.
13 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде ауа температурасы -1…-3, күндіз +5…+7 градус шамасында болады.
Айта кетейік, Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті.