Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,2 теңгеге төмендеп, 443,62 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 444,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:
- доллар: сатып алу – 442 теңге, сату – 449 теңге;
- еуро: сатып алу – 491 теңге, сату – 501 теңге;
- рубль: сатып алу – 5,10 теңге, сату – 5,30 теңге.
Алматыда доллар орта есеппен 443,74 теңгеден сатып алынып, 445,40 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 491,70–497,13 теңге аралығында. Ал рубль 5,13–5,24 теңгеден саудалануда.
Еске салайық, 11 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 444,76 теңге болған еді.